Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек": Түркістанда маңызды нысандар салынады

Жарияланған күні:

Жаңа жоба
Жаңа жоба. Фото: gov.kz

Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, туристердің қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан қалада жаңа жобалар жүзеге асырылмақшы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудырып, құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды.

"Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ құрылыс бастайтын инвесторлар арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, уақытында аяқтауы қажет. Көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беріңіздер", - деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар берді.

Мәжілісте бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Әкімшілік-іскерлік орталығында бизнес орталықтары, әлеуметтік нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттарының үлгілері көрсетілді. Сонымен бірге Жаңа қала аумағында тұрғын үй салу жөнінде де ұсыныстар қаралды.

Мәдени-рухани орталығында орналасқан Өнер мұражайы мен Қолөнершілер орталығы, "Достық үйінің" ішкі көрінісінің жобасы да талқыланды. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148468-shygys-zhane-ulttyq-saulet-naqyshtary-korinis-tabuy-kerek-turkistanda-mangyzdy-nysandar-salynady/