Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда студент қыздардың ұрланғаны туралы ақпаратқа полицейлер жауап берді

Жарияланған күні:

бойжеткен
Бойжеткен. Көрнекі фото: pexels.com

Алматы полициясы желідегі екі студенттің алып қашу құрбаны болғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Нәтижесінде қыздар шағым түсіруден бас тартып, күдіктілер босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген ақпаратына сәйкес, бұл дерек бойынша Медеу ауданының полиция қызметкерлері тексеру жүргізген.

"Тергеу барысында оқиғаға қатысушылар өздерінің таныстарына қатысты шара қолданбағанын және оларға ешқандай шағымы жоғын айтты", - делінген хабарламада.

Zakon.kz мәліметінше, екі студенттің ұрланғаны әлеуметтік желіден белгілі болған. Үш жігіт оларды күштеп көлікке отырғызып, Сарыағашқа әкетіп, үйленбекші болған. Алайда қыздар қашып үлгерген.

Айта кетейік, бұған дейін желіде 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында алып қашып, кейін зорлық көрсеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына "қуанышты" хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Қызды құрбылары құтқарып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148736-almatyda-student-qyzdardyng-urlangany-turaly-aqparatqa-politseiler-zhauap-berdi/