Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы тұрғындары cу тапшылығына байланысты наразылығына әкімдік өкілдері жауап берді

Жарияланған күні:

Қол жуғыш. Көрнекі фото
Қол жуғыш. Көрнекі фото: Artem Hvozdkov / Getty Images

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі Долан ауылындағы су тапшылығына байланысты түсініктеме берді. 11 тамызда сорғы істен шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін "Президентке хат" Telegram-дағы арнасында Долан ауылында ауыз судың жоқтығы туралы ақпарат пайда болып, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған болатын.

Алматы облысы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында 11 тамызда кешкісін терең ұңғыма сорғысының істен шығуына байланысты ауыз су беру тоқтағаны, бүгінде "Bey AzhTrans" ЖШС мекемесімен терең ұңғымадағы сорғы жаңасына ауыстырылғаны хабарланды.

Қазіргі уақытта орташа қысыммен су берілуде, су құбыры желілері мен су толтыру жұмыстары жалғасуда.

13 тамызда су берудің уақытша тоқтауына байланысты 30 шақты доландық тұрғындар "Дихан" дүкенінің маңына жиналды.

"Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың сұрақтарына жауап берілді. Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан кейбір ақпарат нақты жағдайға сәйкес келмейді.

Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында және қосымша ақпарат ресми арналар арқылы таралады", - дейді әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148799-almaty-oblysy-turgyndary-cu-tapshylygyna-bailanysty-narazylygyna-akimdik-okilderi-zhauap-berdi/