Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада адамдар мінген аттракциондардың бірі биікте тұрып қалған (фото)

Жарияланған күні:

t.me/ qumash_kz
Аттракцион. Фото: Аттракцион

Әлеуметтік желіде Астанадағы саябақтардың бірінде адамдар аттракционда тұрып қалғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жайтқа қатысты орталық саябақ пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Qumash арнасында жастардың Астана орталық саябағындағы аттракциондардың бірінде түсірген видеосын жарияланды.

"Қазір Астанадағы аттракциондарға бару екі есе көп әсер сыйлайды. Мысалы, күтпеген жерден арқан үзіліп кетуі мүмкін, мұндай кезде сіз аттракционнан шыға алмай, ауада қалқып тұрып қаласыз. Видеодағы жастар да дәл сондай жағдайға тап болған. Абырой болғанда, қазір жағдайлары жақсы. Тек шок алып қалған", - делінген жазбада.

Ал видео кадраларында қыз айғайлап, қатты қорыққанын айтады.

"Мен өмір сүргім келеді", - дейді қыз.

Ал оны қасындағы жігіт жұбатып, "сымның ұшып кеткенін" түсіндіреді.

"Өмір сүреміз, бәрі дұрыс. Енді ешқашан отырмаспын", - дейді азамат.

Саябақ өкілдері Space Gun аттракционында болған жағдайға қатысты Instagram желісіндегі парақшасында пікір білдірді. Онда 13 тамызда сағат 19.20-да желдің екпіні аттракционның бағанына бекітілген сәндік жарықтандыруға арналған резеңкеленген төмен ток сымын жұлып кеткенін хабарлады.

Олардың мәліметінше, аттракционға келушілер айқайлай бастағандықтан, оператор мұны әлдекім ауырып қалды деп түсінген.

"Аттракцион шұғыл түрде штатты режимде тоқтатылды, барлық жолаушы түсірілді. Екі деңгейлі қауіпсіздік жүйесі өшірілмеді, барлық қауіпсіздік құрылғылары паспорт режимінде тоқтағаннан кейін құлыптан босатылды. Кабель қалпына келтірілді, артқы жарық желісінің қалған бекітпелері тексерілді.

Аттракцион қону модульдерін айналдыратын редуктордың көмегімен қозғалады. Құрылымда кабельдік жетектер мен қосылыстар жоқ. Аттракцион ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР СТ 3359-2019 нормаларына сәйкестігіне толық тексеруден өтті, жұмысқа рұқсат алды.

Сонымен қатар күнделікті тексеру және сынақ кезінде аттракционның жұмысында ақаулар анықталған жоқ. Тек ресми дереккөздерге сенуді және расталмаған ақпаратты таратпауды өтінеміз", - деді саябақта.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148900-astanadagy-attraktsiondardyng-birinde-adamdar-auada-turyp-qalgan-foto/