Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шартты мерзімге сотталған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының көшеде жүрген видеосы тарады

Жарияланған күні:

Нұрасыл Болат фото
Нұрасыл Болат: Видеодан скрин

Шартты мерзімге сотталған Нұрасыл Болатқа пробациялық бақылау туралы бұйрықты бұзды деген айып тағылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен сұрап білді.

Нұрасыл Болаттың шабуылына тап болған адвокат Анна Чернова өзінің Instagram-дағы парақшасында оның түнде серуендеп жүргені түсірілген видео жариялады. Кадрлардан Нұрасыл Болаттың емін-еркін шылым шегіп тұрғанын байқауға болады.

Бұл видеоға қатысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.

"Осы сотталған адамға қатысты үкім биыл 14 тамызда пробация қызметіне (тіркелген жері бойынша) орындауға келіп түсті. Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады", - делінген түсініктемеде.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған еді. Оған сәйкес, ол тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне үнемі есеп беріп тұруы керек.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын. Сот үкімімен 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған.

Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.

Кейін апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Нұрасыл Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді. Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Нұрасыл Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148924-shartty-merzimge-sottalgan-deputat-daulet-turlyhanovtyng-ulynyng-koshede-zhurgen-videosy-tarady/