Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шымкент алып құрылыс алаңына айналғандай": жаңа жобалар қолға алынды

Жарияланған күні:

Шымкент
Шымкент. Фото: facebook.com/akimat.shymkent

Шымкентте қаланы жайлы әрі заманауи мегаполиске айналдыру стратегиясының аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қалада тәулігіне 20 мың адамға қызмет көрсетуге арналған жаңа теміржол вокзалын салу жоспарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың әр аймағынан биік құрылыс крандарын байқауға болады. Шымкент қаласын кешенді дамыту аясында тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артып келеді. Бұл бүгінде демографиялық ахуалдың оң бағытқа өзгеруі мен тұрғын үйге сұраныстың артуына байланысты болып отыр.

Даму жобасы аясында бірнеше инфрақұрылымдық жобаны, соның ішінде жаңа индустриялық аймақтарды, айналма теміржол желісін және тәулігіне 20 мың адамға қызмет көрсетуге арналған жаңа теміржол вокзалын салу жоспарланған. Бұл шаралар қаланың көліктік қолжетімділігін және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған, бұл оның одан әрі дамуына ықпал етері сөзсіз. Сондай-ақ аудандар мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартатын үш айналма жол салу жоспарланып отыр.

Шымкентте, әсіресе Тұран және Shymkent City сияқты жаңа тұрғын аудандар мен көп қабатты кешендер, сондай-ақ қаланың жаңа орталық ауданы бой көтерген солтүстік бағытты дамыту қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар жергілікті тұрғындарды да, инвесторларды да қызықтыратын заманауи өмір сүру ортасы мен инфрақұрылымды құруға бағытталған.

Қаланың дамуына және оның туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізетін негізгі нысандардың бірі 2000 орындық жаңа Конгресс-холл болды. Бұл заманауи көпфункционалды ғимарат ірі іс-шараларды, конференцияларды, мәдени-ойын-сауық шараларын өткізуге арналған.

Мұндай жобалар Шымкентті өмір сүру үшін де, бизнес пен туризм үшін де тартымды, қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске айналдыруға ықпал етеді деп болжанып отыр. Бұдан бөлек, 800 орынды "Опера және балет" театры, 2000 орынды 4 "Оқушылар сарайы", "18 жайлы мектеп", 320 орынды "Перинаталды орталық", 800 орынды "Универститеттік клиника», 5000 орынды жабық "Спорт аренасы" (болжаммен 2024-2025 жылдары), 35 мың орынды "Футбол стадионы" құрылыстары қарқынды салыну бағытында жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда қалада 24 тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, қалада 1 миллион 360 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 590 792 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жалпы жылдық жоспардың айтарлықтай бөлігін құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148945-shymkent-alyp-qurylys-alangyna-ainalgandai-zhanga-zhobalar-qala-kelbetin-asha-tusti/