Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында ер адам ақбөкеннің ұшасын сатқаны үшін сотталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

Қостанай облысында ер адам ақбөкеннің ұшасын сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Арқалық қаласының прокуратурасы талдау барысында жергілікті тұрғынның қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқанын анықтады. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.

Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, автокөлігін тәркіледі.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, ақбөкендердің популяциясын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында оларды тіршілік ету ортасынан, олардың бөліктері мен дериваттарынан (мүйіз, қан және т.б.) алуға (табуға, аулауға, атуға, жинауға, күресуге) тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148966-qostanai-oblysynda-er-adam-aqbokenning-ushasyn-satqany-ushin-sottaldy/