Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мемлекеттік жастар сыйлығының иегері алаяқтық жасады деп сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: piqsels.com

Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері атанған ақтөбелік белсенді Жандос Табылғанов бес жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

№2 Ақтөбе қалалық соты 35 жастағы белсенді Жандос Табылғановтың ісін қарады. Оған "Алаяқтық" бабымен айып тағылған.

Іс материалына сүйенсек, айыпталушы 2023 жылдың 10 қыркүйегі сағат 14:00 шамасында танысынан салынып жатқан шеберханасына газ жүйесін кіргізгісі келетінін естиді. айыпталушы оны орындай алатынын айтып, ол үшін 1 млн 300 мың теңге ақша беру керек екенін айтқан. Танысы келіседі. 300 мың теңге ақшаны қолма-қол және одан бөлек құны 300 мың теңге тұратын алтын білезікті берген. Сонымен қатар мемлекеттік грант жобасы арқылы қайтарымсыз 8 млн теңге ақша алып бере алатынын айтады. Ол қызметі үшін 2 млн теңге сұраған. Өз кезегінде жәбірленуші Жандос Табылғановтың ұсынысына келісіп, 2 млн теңгені әр түрлі уақытта ішінара қолма-қол және абоненттік нөміріне тіркелген Kaspi Gold есепшоты арқылы аударған.

Әрі қарай жәбірленушінің бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеп жатқан жолдасын шығарып алғысы келетіндігі туралы естиді. Оған жолдасын түрмеден шығарып бере алатынын жалған айтып, ол үшін 12 млн теңге сұраған. Өз кезегінде жәбірленуші ұсынысына келісіп, 12 млн теңгені қолма-қол берген.

Нәтижесінде сотталушы қылмыстық іс-әрекетінің салдарынан жәбірленушіге 14,9 млн теңге материалдық шығын келтірген.

"Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жандос Табылғановқа жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалсын. Жәбірленуші пайдасына 14,9 млн теңге материалдық шығын, өкілдің көмегі үшін төленген қаражат 600 мың теңге, мемлекет пайдасына 149 000 мың теңге баж өндірілсін", - делінеді сот кабинетіндегі ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбелік белсенді Жандос Табылғанов 2016 жылы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді. Мұғалжар аудандық "Жастар" патриоттық клубының төрағасы, түрлі жастар ұйымында қызмет етті.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148972-aqtobede-memlekettik-zhastar-syilygynyng-iegeri-alaiaqtyq-zhasady-dep-sottaldy/