Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 15-17 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады. Оған сәйкес, елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.

15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп болжануда.

Еліміздің басым бөлігінде температура төмендейді :

  • күндіз республиканың батысында +18+28°С дейін;
  • солтүстік-батыста +15 + 26°С дейін;
  • солтүстікте +18 + 23°С дейін;
  • тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында, күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық сақталады;
  • 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41°С қатты ыстық сақталады;
  • орталығында +35°С да қатты ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148987-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/