Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда тапсырыспен тұрғынның көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/ police_kz

Павлодарда тапсырыспен тұрғынның көлігін өртеп жіберген азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram желісіндегі ресми арнасы.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеуге қатысқан адамдарды анықтады.

Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген.

"Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталды", — деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148994-pavlodarda-tapsyryspen-turgynnyng-koligin-ortep-zhibergen-azamat-ustaldy/