Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте сирек кездесетін құбылыстардың бірі": Шымкент зообағы сүйінші сұрады

Жарияланған күні:

Үнді жайрасы
Үнді жайрасы. Видеодан скриншот: instagram.com/shymkentzoo

Шымкенттің қалалық зообағында сүйінші, мұнда екі үнді жайрасы дүниеге келді.Бұл – зообақта өте сирек кездесетін құбылыс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент зообағының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Үнді жайрасының жұптарынан екі кішкентай жайра дүниеге келді. Бұл зообақта өте сирек кездесетін құбылыстардың бірі. Қазіргі уақытта жайралардың денсаулығы бірқалыпты. Күнделікті ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың бақылауында.

"Бастапқы уақытта тек анасының сүтін қорек қылса, қазіргі кезде жеміс-жидектермен қоректенуді бастап келеді. Ата-анасы екі кішкентай жайраға бірдей қамқорлық жасайды және қорғайды. Анасы жандарынан шықпаса, әкесі оларға ешкімді жақын жолатпай, қорғайды", - деп жазылған Шымкент зообағының Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қазіргі уақытта көрермендердің жайралар отбасын тамашалуға мүмкіндіктері бар. Бұл отбасы “кіші көл” аумағына жақын қоршауда орналасқан.

Осындай ерекше және сүйкімді жайраларды тамашалауға шақырамыз, дейді зообақ қызметкерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149008-ote-sirek-kezdesetin-qubylystardyng-biri-shymkent-zoobagy-suiinshi-surady/