Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балабақшада баланы итеріп, ұрған: Қарағандыда тәрбиеші қамауға алынды

Жарияланған күні:

Ойыншықпен ойнап отырған кішкентай бала
Балабақшада ойнап отырған бала. Көрнекі фото: Рixabay.com

Баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірген балабақша тәрбиешісі 2 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды ​​облысы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында жекеменшік балабақша тәрбиешісіне қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды

2023 жылы 19 желтоқсанда "Восток-1" ықшам ауданында орналасқан балабақшалардың біріне баратын балалардың ата-аналары, олардың кішкентай балаларының денелерінде сыдырылған және көгерген іздерін анықтағандары бойынша полиция бөліміне жүгінген.

Полиция қызметкерлері балабақшадағы ішкі бақылау камераларының бейнежазбаларын қарау кезінде тәрбиеші Ә.-нің нің балаларға дөрекі қарау фактісін анықтаған (итеру, абайсыз ұстау, оралған қағазбен бастарынан ұру).

Бұл дерек бойынша полиция органымен Қылмыстық Кодексінің 140-бабының 2 бөлігі (білім беру ұйымы қызметкерінің міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, нәтижесінде қандай да дене жарақаттары анықталмаған.

Алайда, Ә-ге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігімен (ұрып-соғу фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, сотқа жолданды.

"Сотта бұрынғы балабақша тәрбиешісі Ә. тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты, оның кінәсі іс бойынша келтірілген дәлелдермен расталды. Сотпен аз.Ә. ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген сот хабарламасында.

Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын және іс-әрекеттің, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болуын, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық жасауын және кәсiптiк міндеттерін орындауына байланысты құқықбұзушылық жасағанын ескере отырып, сот, осы құқықбұзушылық үшін баптың санкциясы шеңберінде 2-тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, жоғары тұрған сотқа он күн ішінде апелляциялық шағым келтірілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149066-balabaqshada-balany-iterip-urgan-qaragandyda-tarbieshi-qamauga-alyndy/