Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Тұрлыхановтың сотталған ұлына қатысты дау: Әскери сот мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгін, таңертең депутат Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімге сотталған ұлы Нұрасыл Болаттың видеосы желіде пайда болды. Бұл туралы Әскери сот мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Н.-ға қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне уақытылы орындау үшін жолданғанын хабарлады.

"Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған.

Осыдан кейін, сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген", -делінген Әскери сот мәлімдемесінде.

Әскери соты департаменті аталған іс жүргізудің ұзақтығының себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша Пробация қызметіне жіберілді", - дейді Әскери сот өкілдері.

Айта кетейік, шартты мерзімге сотталған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының көшеде жүрген видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149089-deputat-turlyhanovtyng-sottalgan-ulyna-qatysty-dau-askeri-sot-malimdeme-zhasady/