Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сасық иіс шығады": Ақтауда тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде тауық баққан

Жарияланған күні:

Әтеш
Әтеш. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда 31-шағынаудандағы "Дәулет" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жертөледен жағымсыз сасық иіс шығатынына және пәтерде бүрге қаптап кеткеніне шағымданды. Олардың айтуынша, қолқаны қабатын иістің шыққанына біраз уақыт болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

"Басында біз кішкентай балалар жертөлеге барып дәрет сындырады деп ойладық. Тіпті үйдің кіреберісінен мүңкіген сасық иіс шығып тұрады", - дейді тұрғындар.

Басылым ақпаратынша, жертөлеге барған тұрғындар мұнда тауық бағатынын білген. Айтуынша, тұрғындардың бірі үйдің астында тауық бағып келген. Ол жертөледе тауықкепе жасап қойған. Мұнда 100-ге жуық балапан болған.

Тұрғындардың мазасын алған бүрге де осы тауықтан келген екен.

Осы оқиға бойынша Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі мәлімет берді. Ведомство ақпаратынша, аталған тұрғын үйге қызмет көрсетуші мүлік иелері бірлестігінің төрағасымен қалалық тұрғын үй инспекциясы тарапынан түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылған.

Жертөле екі күн бұрын тазартылып, тиісті улау жұмыстары жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149137-sasyq-iis-shygady-aqtauda-turgyn-kopqabatty-uiding-zhertolesinde-tauyq-baqqan/