Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Медеуге барар жол жабылады

Жарияланған күні:

Медеу
Медеу. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда "Медеу" БТСК барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс "Ақбұлақ" бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км", - делінген хабарда.

Айта кету керек, бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күндері мен уақыты қосымша хабарланады. Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149197-almatyda-medeuge-barar-zhol-zhabylady/