Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қалалық емхана бухгалтерлері 341 млн теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырған

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлеріне үкім шығарды. Бұл туралы Antikor Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

Антикор ақпаратынша, олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтерге 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149200-almaty-qalalyq-emhanasynyng-buhgalterleri-sottaldy/