Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana Алматыдан Фукуокқа тікелей рейстер ашылатынын хабарлады

Жарияланған күні:

Әуежайдағы күту залы
Әуежай. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana Алматы–Фукуок–Алматы бағыты бойынша тікелей рейстердің ашылып, ұшу желісінің кеңейгенін хабарлады. Ақпарат компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

Компания мәліметінше, Фукуокқа тікелей рейстер 2024 жылғы 28 қазаннан аптасына екі рет — дүйсенбі және сәрсенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап аптасына төрт ретке дейін A321LR ұшағында орындалады.

Ұшақтар Алматыдан 22:45 ұшып, Фукуокқа 08:15-те жетеді. Қайту рейстері сейсенбі және бейсенбі күндері Фукуокадан 09:45-те ұшып, Алматыға 15:50-де жетеді. Екі бағыттағы билеттер құны алымдарды есепке алғанда эконом-класта 335 899 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның веб-сайтында немесе уәкілетті агенттіктер арқылы сатып алуға болады.

"Жаңа бағыттар әуекомпанияның маршруттық желіні кеңейту және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша үздіксіз жұмыстың нәтижесі. Вьетнамға жаңа бағыт ұмытылмас саяхат үшін жаңа мүмкіндіктер бере отырып, жолаушыларымыздың арасында үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдіміз", - деді Air Astana кірістерді басқару және коммерциялық жоспарлау жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалықов.

Фукуок — Вьетнамда орналасқан, аппақ жағажайларымен және мөлдір суларымен әйгілі арал. Бұл аралға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар көптеп келеді. 2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан азаматтары Вьетнамға визасыз саяхаттайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149251-air-astana-almaty-fukuok-bagytyn-ashty/