Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қарт тұрғыннан арқар мүйізі тәркіленді (видео)

Жарияланған күні:

Арқар тәркіленген қарт тұрғын
Арқар тәркіленген қарт тұрғын. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан алдын арқардың еті мен мүйіздерін тәркіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі. 

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149269-turkistan-oblysynda-qart-turgynnan-arqar-muiizi-tarkilendi-video/