Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл 115 адамды шаққан": Мақтааралда кенеге қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр

Жарияланған күні:

Кенеге қарсы улау жұмыстары
Кенеге қарсы улау жұмыстары. Фото: gov.kz

Мақтааралда кенттер мен ауылдық округтерде мал ұстайтын тұрғындардың қора-қопсылары мен жапсарлас аймақтарына кенеге қарсы бүрку, залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде ауданның ветеринар мамандары төрт түлікте жиі кездесетін құтыру, аусыл, лептомпироз, пастереллез, сібір жарасы, эхинококкоз, оспан, эмкар, брадзот, эктима, туберклез сынды ауруларға қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастырып, мал ұрлығының алдын алу мақсатында бірдейлендіру жұмыстары да қарастырылып жатыр.

Эпизоотолог маманның айтуынша, кенеге қарсы улау жұмыстарының тиімділігі мал қораларының механикалық жағдайына да байланысты. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстарының алдында қора-жайларды қилар мен қоқыстардан тазарлаған дұрыс.

"Тазалық науқаны ұтымды ұйымдастырылса, кене саны азайып, одан жапа шегетіндер де азаяды. Қырым қанды қызбасы аса қауіпті аурудың қатарына жататындықтан, мамандар мейлінше сақ болуға шақырады. Ал малы бар шаруалар төрт түлігін дер кезінде залалсыздандыруға жағдай жасаулары тиіс", - дейді "Ветеринариялық қызметі" ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиалының маманы Нұрқанат Қуанов.

Айта кетейік, өткен жылдың тиісті мерзімінде кене шағудың 100 фактісі тіркелсе, ағымдағы жылы 115-ке жетіп отыр. Оның себебі, биылғы көктемнің жауын-шашынды, ал, жаздың қтты ыстық болуымен байланысты дейді мамандар. Жалпы 20 факт қора-жайларда орын алса, 85 факт егістіктер мен жайылымдық жерлерде орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149330-biyl-115-adamdy-shaqqan-maqtaaralda-kenege-qarsy-ulau-zhumystary-zhurip-zhatyr/