Алматы полиция өкілдері кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Алматыда жыл басынан бері балалардың қатысуымен 623 жол көлік оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты алматылық полицейлер ата-аналарға мопед, скутер салдарынан жол көлік оқиғасы көбейгенін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл мәселе балалардың жол көлік жарақатының алдын алу тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында көтерілді.
"Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, тағы 664 бала жарақат алды. Жарақат алғандардың көпшілігі мопедтер мен скутерлердің жүргізушілері. Балаларына мопед немесе скутерді басқаруға мүмкіндік беретін ата-аналар барлық жауапкершілікті түсінбейді. Ағымдағы жылдың басынан бері электр скутерлердің қатысуымен 47 жол көлік оқиғасы болса, мопедтердің қатысуымен 359 жол көлік оқиғасы болды, оның ішінде 6 адам қаза тапты", - деп бөлісті Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының басты себебі - жолдың белгіленбеген жерден кесіп өтуі. Алайда, баламалы көлік түрі пайда болған соң, заңмен қатаң тыйым салынған көлікті кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жүргізуі салдарынан оқыс оқиғалар жиі орын алады. Сирек жағдайларда ғана балалар көлікте жолаушы болған кезде жарақат алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149368-almaty-politsiia-okilderi-kamelettik-zhasqa-tolmagan-balalardyng-ata-anasyna-undeu-zhasady/