Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 34 жастағы жазасын өтеуші түрмеде отырып 46 музыкалық шығарма жазды

Жарияланған күні:

жазасын өтеуші
Жазасын өтеуші. Фото: ҚАЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқан 34 жастағы жазасын өтеуші темір тордың арғы жағында 46 музыкалық шығарма жазды. Олардың ішінде түрлі композиция, ана, достық туралы әндері де бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды және Ұлытау облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, ән жазу өнеріне түрмеге түскен соң қызыға бастаған.

"Бас бостандығынан айыру орындарында жазамды өтеп жүріп, бард әніне деген талантым ашылды. Сотталғанға дейін байыту фабрикасында көпір кранының машинисі болып жұмыс істедім", - дейді ол.

Қазір ол Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қарасты №31 мекемесінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол 2011 жылы темір торға тоғытылды. 2031 жылы бостандыққа шығады.

Жазасын өтеуші негізінен бард композицияларды лирикалық тақырыптарда жазады (отбасы, ата-ана, махаббат туралы) әндері мен музыкаға жазылған дайын композициялар да бар.

"Бостандыққа шыққаннан кейін отбасын құруды, музыка училищесіне түсуді және музыкамен айналысуды жоспарлап отырмын",- дейді 34 жастағы ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149395-qaragandyda-34-zhastagy-zhazasyn-oteushi-turmede-otyryp-46-muzykalyq-shygarma-zhazdy/