Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-ларда уақытша ақау болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
ХҚКО қызметкерлері
ХҚКО қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ресейдегі деректер базасындағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының арнайы қызмет көрсету орталықтарында жаппай ақау болды. Қазір барлығы қалыпты жұмыс істеп жатыр деп жазады "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгін сағат 10:48-ден 14:45-ке дейін Ресей Федерациясының Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының деректер базасының қолжетімділік болмағанына байланысты еліміздегі барлық арнайы қызмет көрсету орталығы Ресей Федерациясынан әкелінген көліктерді бастапқы тіркеуге өтініштерді қабылдамады.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясы жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп, қызмет алушыларды қабылдау қалпына келтірілді", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149404-qazaqstandagy-arnaiy-hqko-larda-aqau-shyqty/