Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігінің ішінде бойжеткенді ұрған": Алматы полицейлері желідегі видеоға қатысты жауап берді

Жарияланған күні:

Оқиға орны. Фото
Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris__p__official

Желіде бойжеткеннің дәл көлігінің ішінде соққыға жығылғаны айтылған видео пайда болды. Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram-дағы kris__p__official парақшасында Алматыда бойжеткенге шабуыл жасалды деген видео жарияланды. Кадрдағы әйелдің дауысы жігіттің бойжеткенді алдымен супермаркет тұрағында қуғанын айтады. Бойжеткен көлікке мініп, кетіп үлгергенге ұқсайды.

Алайда видеоны түсіріп жатқан әйелдің сөзіне қарағанда, ер адам қызды сонда да қуып жетіп, көлігіне мініп, ішінде ұруды жалғастырған. Бойжеткеннің жылаған дауысы кадрда естіліп тұрды.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімінің тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Жағдай анықталуда, құқықбұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149458-koligining-ishinde-boizhetkendi-urgan-almaty-politseileri-zhelidegi-videoga-qatysty-zhauap-berdi/