Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыс істемегендерге жалақы төлеген": Алматыда емхана есепшілері сотталды

Жарияланған күні:

Емхана
Емхана. Көрнекі фото: trend.az

Алматы қаласы Медеу ауданының сотында қалалық емхананың екі бірдей бухгалтеріне қатысты сот үкімі оқылды. Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сотталушылар осы күнге дейін 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

"Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Еске салсақ, бұған дейін Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі адамы мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеуге сотталғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149464-zhumys-istemegenderge-zhalaqy-tolegen-almatyda-emhana-esepshileri-sottaldy/