Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы туралы ақпарат білетіндерге сыйақы берілетінін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Азамат Қапенов. Фото
Азамат Қапенов. Фото: qamqor.gov.kz

Антикор Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновтің қайда екені туралы ақпарат білетін азаматтарға сыйақы жариялап, аты-жөнін жасыруға кепілдік берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына іздеу жарияланды. Іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика органдарының порталында пайда болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеп жатыр: Қапенов Азамат Абайұлы, 1978 жылы 12 сәуірде туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы.

"Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау". Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz)", - делінген хабарламада.

Антикор өкілдерінің сөзінше, ақпарат бергендердің сыйақысы мен анонимділігіне кепілдік беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149473-karim-masimovting-buryngy-kuieu-balasy-izdestirilip-zhatyr-antikor-aqparat-ushin-syiaqy-zhariialady/