Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баянауылда құстар қырылып жатыр: мамандар тексеріс бастады

Жарияланған күні:

Құстар. Фото
Құстар. Фото: 24.kz

Күркелі ауылдық округінің жанындағы Қосшалқар көлінен алдымен сарыала қаздардың өлексесі табылды. Кейін аққулар мен басқа да құстардың өлгені белгілі болды деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қанаттылардың ауыра бастағанын алдымен ауыл тұрғындары байқапты.

Ветеринарлар індеттің себебін анықтау үшін сынама алып, патогендік сараптамаға жіберді. Көлді тазалауға тұрғындармен қатар Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері де атсалысып жатыр. Құстардың неден қырылғаны әлі белгісіз. 

Баянауыл ауданындағы барлық көл бақылауға алынған. Әзірге құстың қырылуы тек осы Қосшалқар көлінде тіркеліп отыр. Оқиға орнына ветеринария комитетінің ұлттық анықтау орталығынан мамандар келді. 

"Енді екі нұсқа бізде. Бірінші, сол құстардың ауруы болуы мүмкін деп ойлаймыз. Екіншіден, сол көлдің маңында жаңағы ауылшаруашылық қожалықтары бар екен. Олар өздерінің егістіктерін пестицидтермен уландырған екен. Мүмкін содан ба деп ойлаймыз", - облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149483-baianauylda-qustar-qyrylyp-zhatyr-mamandar-tekseris-bastady/