Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын, найзағай мен аптап: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Жауын-шашын
Жаздағы жаңбыр. Көрнекі фото: pexels.com

Ертең, 16 тамыз күні Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 16 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с, ал батысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Ал Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қауппі сақталады.

16 тамызда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл, күтілсе, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, ортылығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей уақыттарда оның екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 тамызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

16 тамызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Түнде облыстың батысында найзағай болжанып отыр. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с жел соғады.

Ертең Атырау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

16 тамызда Абай облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, орталығында бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында 15-20 м/ с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

16 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел 15-20м/с ұйықтиды. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Астана қаласында ертең таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

16 тамызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болуы ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

16 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында, ал күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болуы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149528-zhauyn-shashyn-naizagai-men-aptap-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/