Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да медициналық көмекке жүгінген 17 адам инфекция жұқтырып алған

Жарияланған күні:

Аурухана дәлізі
Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында медициналық көмек көрсету кезінде инфекция жұқтыру дерегі жыл басынан бері бірнеше рет тіркелген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап жазады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Мұқамғали Арыспаевтың мәліметіне сүйенсек, соңғы алты айда өңірде мұндай 17 жағдай тіркелген.

Олардың ішінде тоғызы ауруды тіс дәрігерінен ем қабылдағанда, ал бесеуі хирургиялық медициналық ұйымдарда, үшеуі перзентханада жұқтырған.

Айта кетейік, жақында Париждегі Олимпиада ойындарында 40-тан астам спортшы COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Кейінірек үш қазақстандық жүлдегер мен екі бапкерден коронавирус инфекциясы расталды. Сырқат бәрінде жеңіл түрде өтіп жатыр.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге қалды. Жүздесу Ақордада тамыз айының соңында өтеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149543-bqo-da-meditsinalyq-komekke-zhugingen-17-adam-infektsiia-zhuqtyryp-algan/