Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қонақүйдің заңсыз салынған қабаттары бұзылады

Жарияланған күні:

Қонақүйдің заңсыз салынған қабаттары.
Қонақүйдің заңсыз салынған қабаттары. Фото: otyrar.kz

Шымкенттің қақ ортасында орналасқан жеті қабатты қонақүйдің заңсыз салынған жоғарғы төрт қабаты бұзылады. Себебі нысан иесі біраз уақыттан бері ескертулерді елемей келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, қала орталығында орналасқан қонақүйдің жоғарғы төрт қабаты бұзылады. Ол үшін арнайы техника да дайын. Мемлекеттік сот орындаушылары ғимараттың даулы жоғарғы қабаттарын бұзу бойынша соттың шешімі былтыр шілдеде шыққан дейді. Алайда ғимараттың иесі өздігінен бұзбағандықтан, Шымкент қаласының Әділет департаментідегі атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі бөлім филиалының мемлекеттік орындаушылары бұзу жұмыстарын 14 тамызға тағайындапты.

"Мына тұрған қонақ үйі  ғимаратының ішіне  кранмен көтеріліп, терезелерінің әйнегін аламыз, сосын ары қарай толықтай бұзамыз", - дейді мемлекеттік сот орындаушысы Қасымхан Сәйфі.

Талап қоюшы Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы даулы нысанның үстіндегі өз бетімен салынған 4 қабатын мәжбүрлеп бұзуды сұраған еді. Үйі ғимаратқа жақын орналасқан Нина Парасаданиянның да бұл мәселеге қатысты айтары бар.

"Қонақүйдің құрылысы басталғаннан мазамыз қашты. Үйімізде сызаттар пайда болып, төбемізден сылақ түсіп, қонақ үйде тұратындар үстімізден түкіріп, темекі лақтырады. Мен бұл үйде 1980 жылдан бері тұрамын. Өткен ғасырдың 40-жылдары бой көтерген баспана атамнан мұраға өтті. Мына құрылыс болмаса, әлі де 100 жыл тұрады", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Нина Парасаданиян.

Ескеретін жәйт, ҚР Азаматтық кодексiнің 244-бабының 1, 2-тармағына сәйкес мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін ҚР жер заңнамасына, ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және ҚР өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып саналады.

Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын ала алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге — сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға — құқығы жоқ.  Өз бетiмен салынған құрылыс, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149548-shymkentte-qonaquiding-zangsyz-salyngan-qabattary-buzylady/