Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуға неге таксимен барып жүр: мекеме басшысы түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем қызметкері
Жедел жәрдем қызметкері. Фото: Рexels.com

Астанадағы жедел жәрдем дәрігерлері шақыртуларға таксимен барып жүр. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мәселеге қатысты елорданың жауапты мекеме басшылығы түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жедел медициналық жәрдем стансасы жеке компаниямен 25 көлік құралын жалға алу туралы келісімге отырған. Олар дәрігерлерді науқастарға тасиды. Ай сайын 25 көлікке 25 миллион теңге кетеді. Олар тек үшінші және төртінші санаттағы шақыртуға барады. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, техника тапшылығы мен көмек көрсету уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Астанадағы жедел медициналық жәрдем стансасында 59 көлік бар. Олар бірінші және екінші санаттағы науқастардың шақыртуына барады. Ал 60 көлік жөндеуде тұр.

"Үшінші және төртінші санаттағы шақырту орталыққа келіп түсетін қоңыраудың 70-80 пайызын құрайды. Осындай жеңіл шақыртуларға жалға алынған көліктер барып жүр. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 70-ке жуық транспорт сатып алу жоспарланған. Жаңа көліктер жылдың соңына дейін келуі керек. Егер олар келсе, жалға алған компаниямен келісімді бұзамыз. Бұл –уақытша қолға алынған шара", – деді Жедел медициналық жәрдем стансасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149612-astanadagy-zhedel-zhardem-darigerleri-shaqyrtuga-nege-taksimen-baryp-zhur/