Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда "Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

"Жетісу" футбол клубының спорт директоры сотталды. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Антикор.

Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды.

"Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149656-zhetisu-futbol-klubynyng-sport-direktory-sottaldy/