Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған қызметкерлер санын көрсеткен: Түркістанда 8 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рolisia.kz

Түркістан облысында қазынашылық департамент жұмысында заң бұзушылықтарға жол беріп, 8 миллионға жуық теңгені иемденген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.

"Атап айтқанда, департаменттің лауазымды тұлғалары "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ (бұдан әрі - КММ) есепшілерімен сөз байласу арқылы КММ-нің қызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Бөтен мүлiктi иемденiп алу фактісімен жинақталған құжаттар СДТБТ тіркеліп, тергеу жүргізу  Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Басқа да қолданыстағы заңнамалар бойынша заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149684-turkistanda-8-mln-zhuyq-tenggege-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyru-faktisi-anyqtaldy/