Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі адам маған қарай жүгірді": министр Ғани Бейсембаев өзін кеден қызметкерлері қалай "қорқытқанын" айтты

Жарияланған күні:

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: t.me/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанада өткен ауыл мектептері педагогтерінің республикалық форумында әуежайда болған қызықты оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Министр биыл қаңтар айында Лондондағы Bett show-дан қайтып келе жатқанда Астана әуежайында ұшақтан түскен кезде қызықты жағдайға тап болған.

"Кеден қызметінің екі адамы маған қарай жүгірді. Сәл қорқынышты болып кетті. Білмеймін ғой енді. Кеден қызметкерлері саған қарай жүгірсе, неше түрліні ойлайсың ғой. Қолыңды қайырып, ұстап алуы мүмкін дегендей. Білмеймін енді, ешқандай тәртіп бұзбаған сияқты едім... Ешқандай қылмысым да жоқ. Дегенмен кім біледі?" - деп еске алды министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, себебін кейін білген.

"Әлгі екі жігіт жүгіріп келді де, күлімдеп, бірі шабаданымды алып, біреуі қолтықтап, кедендік бақылаудан кезексіз өткізіп жіберді. Содан кейін барып бетіме күлді.

"Ағай, бізді таныған жоқсыз ба? Біз сіздің шәкіртіңізбіз ғой", - дейді.

Мұның өзі нағыз ұстаз бола білсең, қай жерде жүрсең де сенің шәкірттерің түрлі қызметтерде болады. Сен үнемі құрметті, қалаулы қонақ боласың. Қай қызметтің өкілін, қай мамандықтың өкілін осылай құрметтейді? Сондықтан мұғалім деген ең ұлы қызмет екенін үнемі есте ұстаңыздар", - дейді Ғани Бейсембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149690-eki-adam-magan-qarai-zhugirdi-ministr-gani-beisembaev-ozin-keden-qyzmetkerleri-qalai-qorqytqanyn-aitty/