Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанның қай жерінде атом электр станциясын салуға болатынын айтты

Жарияланған күні:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Көрнекі фото: John Harper / Getty Images

Бүгін, 16 тамызда Алматыда Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысына қатысты қоғамдық талқылаулар өтті. Пікірін айтып, сұрақ қойғысы келгендер залға лық толды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан атом электр станциялары" АҚ бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станциясын қай жерде салуға болатынын айтты.

"Екі аймақ зеттелді: бұл Абай облысының Курчатов қаласының маңы және Алматы облысының Үлкен ауылының ауданы. Олар халықаралық агенттіктің ұсыныстары негізінде зерттелді. Екі аудан да атом электр станциясын орналастыруға жарамды", - деді спикер.

2019 жылы жапониялық компания тәуелсіз сараптама жүргізді. Тәуелсіз сарапшылар құжаттарды, тәсілдерді, әдістерді зерттеп, қазақстандық тараптың қорытындысымен келісті, дейді спикер.

"Ешқандай оқиға болмаған реакторларды қарастырып жатырмыз. Портфельде көптеген инвестициялық жоба бар екенін түсіну керек, бірақ біз оларды энергияның жетіспеушілігінен жүзеге асыра алмаймыз. Атом электр станциясының құрылысы-инвестициялық тартымдылықты арттыру мүмкіндігін береді", - деді Тимур Жантикин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149696-sarapshylar-qazaqstannyng-qai-zherinde-atom-elektr-stantsiiasyn-saluga-bolatynyn-aitty/