Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте алаяқтық жасаған жалған адвокат сотталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте жалған адвокат алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Сот үкімі қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылды.

Қалалық прокуратура мәліметінше, адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ ер адам қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.

"Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ер адам 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149794-shymkentte-alaiaqtyq-zhasagan-zhalgan-advokat-sottaldy/