Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Құлжа күре жолы бойынша қозғалыс ішінара шектеледі

Жарияланған күні:

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

16 тамыз сағат 23.00-ден 21 тамыз сағат 06.00-ге дейін Құлжа күре жолы бойынша Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі жол қозғалысы жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жолдың жабылуына жөндеу мен қайта жаңартуға байланысты жүргізілетін жұмыстар себеп болып отыр.

Көлік жүргізушілері солтүстік бағытта Бұқтырма және Майлин көшелерімен, ал оңтүстік бағытта Бұқтырма көшесімен және Талғар даңғылымен айналып өте алады.

Алматы қаласының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол-қозғалыс ережелерін мүлтіксіз сақтауға, өз бағытын алдын ала үйлестіруге және уақыт шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады.

Айта кетейік, 16 тамыз сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сүйінбай даңғылындағы Бекмаханов көшесінен Шолохов көшесіне дейінгі автомотокөліктердің қозғалысы екі бағытта да жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149851-almatyda-qulzha-taszholy-boiynsha-qozgalys-ishinara-shekteledi/