Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл егетін ыдысқа қарасора өсірген": есірткі өндірумен айналысқан шымкенттіктер ұсталды

Жарияланған күні:

есірткі
Есірткі өндірушілерді құрықтау. Видеодан скриншот: instagram.com/police_shymkent/

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 55 жастағы тұрғын өз пәтерінде сора есірткі өсімдігін егіп, күтіп баптаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық ПД-ға сілтеме жасап хабрлайды.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 31 қазанға дейін қаламызда республикалық деңгейдегі "ҚАРАСОРА-2024" арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

​Іс-шара басталған уақыттан бүгінге дейін полиция қызметкерлерімен өңірімізде есірткінің, психотроптық заттар мен сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты жалпы 132 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 46-сы – қылмыс және 86-сы қылмыстық теріс қылық.

"Іс-шараның негізгі бағыты – құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру бойынша жалпы 23 дерек анықталды. Мәселен, Тұран ауданында полиция қызметкерлерімен тексеру жұмыстарын жүргізу барысында өз үйінде 7 түп "сора" өсімдігін баптап өсірген 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тәркіленген есірткі өсімдіктердің жалпы салмағы 2 келіден асады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сол секілді, Әл-Фараби ауданының 55 жастағы тұрғыны өз пәтерінде 3 гүл егетін шелекке 14 түп сора есірткі өсімдігінің өсінділерін егіп, күтіп баптаған. Қазіргі таңда олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде шымкенттік полицейлер жоспарға сәйкес қаладағы барлық тұрғын үйлер мен аулаларда қарау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іс-шараның барысы департамент басшылығының бақылауына алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149855-gul-egetin-ydysqa-qarasora-osirgen-esirtki-ondirumen-ainalysqan-shymkenttikter-ustaldy/