Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Өзбекстанмен шекарада адамдар жиналған видеоға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Шекарадағы жағдай
Шекарадағы жағдай. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында адамдардың жиналғаны туралы ақпарат тарады. ҰҚК бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Egov.press Telegram-дағы арнасында адамдардың жиналғанына қатысты видео тарады.

"Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында тағы да у-шу. Дала ыстық, қарттар мен кішкентай балаларға обал. Мұндай жағдай бірінші рет емес", - деді автор.

ҰҚК KAZ.NUR.KZ тілшісіне желіде тараған видео бұрынғы бейнежазба екенін хабарлады. Ведомство қазір адамдар жиналмайтынын, барлығы штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты.

Айта кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар жиналған видео маусым айында тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149878-uqk-ozbekstanmen-shekaradagy-adamdardyng-zhinalgan-videosyna-qatysty-pikir-bildirdi/