Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астық сапасы нашар": Қостанай облысында егін ору науқаны екі апта кейінге шегерілді

Жарияланған күні:

егістік
Егін алқабы. Фото: KAZ.NUR.KZ

Қостанай облысында биыл ылғалдың молдығынан астық сапасы түсіп кетті. Егіннің 50 пайызына дейін жоюға қабілетті ең қауіпті аурулардың бірі - септориоз тарай бастады. Шаруалардың айтуынша, егін ору науқанын екі аптаға кеш басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жылда диқандар бұл уақытта егінге орақ салып жататын. Биыл әр жауғанда 260-400 мм ылғал түсіп, егістікке техника кіре алар емес. Әрі түнгі салқын мен күндізгі бұлтты ауа райы да егіннің уақытылы жетілуіне тежеу. Ашық күндердің аз болуына орай бидайда глютен мөлшері аз. Кейбір сорттарында өсімдік аурулары пайда болған. Мамандардың болжамынша биыл астық шығымдылығы гектарына 15-20 центнерден оралады.

"Астық жинау 15 күнге шегірілді. Әдетте кейбір шаруа қожалықтары егінге орақ салуды 5 тамыздан бастайтын. Жалпы көпшілігі 20-сынан бастап кірісетін. Биыл қыркүйек айынының 5-нен ерте кірісе алмаймыз", - дейді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Александр Бородин.

Биылғы ауа райы егінге орақ салуды кешіктіріп қана тұрған жоқ, әртүрлі өсімдік ауруларының пайда болуына себепші болған.

"Түнде ауа температурасы төмендеп кетеді. Күндіз жаңбыр, ылғал. Мөлшерден аса көп ылғалдылық септориоз секілді өсімдік ауруларын тудырды. Бірақ бұл қауіпті ауру барлық бидай сортына бірдей тарап жатқан жоқ. Мұның салдарынан астық сапасы нашарлайды. Септориоз, яки тот басқан жапырақтардан пайда жоқ. Дәннің жетілуіне тек сабағы ғана қорек беріп тұр. Бұл ауру пайда болған егістіктер шығын шегеді. Алайда дәл қазір осы мәселеге орай дүрбелең салудың қажеті жоқ", - дейді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының төрағасы Александр Бородин.

Александр Бородин
Александр Бородин. Фото: KAZ.NUR.KZ

Шаруалар биылғы жағдайға қарап, астықтың бағасы да арзандайды деген болжам жасап отыр. Биыл Ресей, Пәкістан елдері мол астық жинайды, ал Қытай бидай импортына тыйым салған.

"Менің ойымша биыл астық бағасы тоннасына 65-70 мың теңге шамасында болады. Астық молынан шықты, бірақ көбі 5-сыныпты, осыған орай бағасы арзандайды. Сарапшылардың болжамына қарап, баға 65-70 мың болады-ау деп топшалап, соған өзімді әзірлеп отырмын. Әрине, 100 мың болғанын қалаймыз", - дейді "Заречное" тәжірбиелік станциясының төрағасы Рүстем Молдатаев.

Рүстем Молдатаев
Рүстем Молдатаев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Сарапшылар күзде астық құны қалай құбыларын дәл қазір дөп басып айту қиын дейді. Себебі Ресей бекіткен бағаға байланысты қалыптасуы мүмкін. Бүгінде отандық астықтың бір тоннасының құны 120-125 мың теңге болса, ал Ресейден тасымал шығынын қосқанда 80-85 мың теңге. Ел элеваторларында 5 млн тонна астық қалған.

Автор: Айнұр Нұрмағамбетова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149879-astyq-sapasy-nasharlaidy-qostanai-oblysynda-egin-oru-nauqany-bastalmai-zhatyr/