Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полицейлер 13 мың ескерту қағазын таратты (видео)

Жарияланған күні:

Жадынама үлестіріп жүрген полицей
Жадынама үлестіріп жүрген полицей. Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін 13 мың жадынама таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда облыс орталығындағы 8 ледэкранда алаяқтан сақтандыру үшін жасалған ескерту бейнежазбалары көрсетіліп, қала, аудандағы полиция қызметкерлерімен 3 тәулікте адамдар көп шоғырланатын аумақтарда екі тілде жазылған 10 мың ескерту қағазын, 3 мың жабыстырмалы жадынама таратты", - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл шараны Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының алаяқтық қылмысымен күрес тобының қызметкерлері ұйымдастырып жатыр.

Профилактикаға баса назар аударған полицейлер қылмыстың алдын алып, тұрғындарға құқықтық кеңес беру, қарапайым сақтандыру ережелерін үйрету жұмыстары қарқынды жүргізуде. Алаяқтықтың түрлері, оның жасалу жолдары мен қорғану әдіс-тәсілдерін көрсету бағытында қала көшелерінде түсіндірме шараларын атқарып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149906-turkistan-oblysynda-politseiler-13-myng-eskertu-qagazyn-taratty-video/