Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәмді мойындаймын": Қайрат Сатыбалдыұлы президент пен халықтан кешірім сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Сатыбалдыұлы
Қайрат Сатыбалдыұлы. Фото: ulttyqsport.kz

Әлеуметтік желіде Қайрат Сатыбалдыұлының президенттен және халықтан кешірім сұраған видеосы тарады. Сондай-ақ сотталушы активтерді қайтару туралы да сөз қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрларда Сатыбалдыұлының сөз сөйлегенін байқауға болады.

"Кез келген азамат үшін мемлекет мүддесі жоғары болуы керек. Біздің халықта "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды" деген сөз бар. Мен кінәмді мойындаймын. қылмыстық іс бойынша органдарға көмектесіп, заңсыз қаражаттың бәрін қайтарып жатырмын. Менің ойымша, елден заңсыз шығарылған ақшаларды қайтару – мемлекеттің қазынасын қайтару", - деді Сатыбалдыұлы.

Оның сөзінше, бұл – мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі.

"Мұндайды көрген соң ешкім халықтың байлығын өзіне алмайды. Соңғы уақытта елімізде болып жатқан оң өзгерістерді байқадым. Бәріміз бір-бірімізге хабарлап, бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Мен президентіміздің саясатын толығымен қолдаймын. Барлық заңсыз капитал әрбір тиынына дейін мемлекетке қайтарылуы керек, заң мен тәртіп орнатылуы қажет", - деді ол.

Осы ретте Қайрат Сатыбалдыұлы кешірім сұрауды ұмытқан жоқ.

"Мен халықтан және зияным тиген жандардан, мемлекет басшысынан кешірім сұраймын. Мұнда бәрін саралауға уақыт көп. Өз кінәмді мойындайым, өкінемін. Тергеуге серіктестік таныттым. Заңсыз активтер қайтарылды, әлі де қайтарып жатырмын.

Активтерді қайтару бойынша президенттің саясатын қолдаймын. Менің жағдайыма қарап, әркім өзі үшін бір сабақ алған шығар деген ойдамын. Мүлт кеткен жерлерім болса, ренжіткен жандарым болса, бәрінен кешірім сұраймын, ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149912-kinamdi-moiyndaimyn-qairat-satybaldyuly-prezident-pen-halyqtan-keshirim-surady-video/