Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды

Жарияланған күні:

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Салынған 26 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылында өтті. Жергілікті тұрғындардың қуанышына аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев, BI Group компаниясы мен мердігер компаниялардың өкілдері ортақтасты.

Аудан басшысы құттықтау сөзінде жерлестеріне түсіністік танытқандары үшін, сондай-ақ, мердігер компанияларға аз уақытта сапалы нәтиже көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Өз кезегінде мердігерлер мен BI Group компаниясы атынан әйтекебилік жаңа қоныс иелеріне тұрмыстық техникалар сыйлыққа берілді.

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Тұрғындар өз кезегінде құрылыстың уақытылы және сапалы аяқталғаны үшін ризашылығын білдірді.

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Әйтеке би ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шаралары жан-жақты жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық тұрғын тиісті көмек алып, баспанамен қамтылды.

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ауданда 150-ге жуық арыз түсіп, комиссияның техникалық бақылауы нәтижесінде, 64 жөндеу жұмыстарына тиісті қаражаты бөлінді. 51 үй тұруға жарамсыз деп танылды.

Су тасқыны: Әйтеке би ауданында зардап шеккендердің барлығы үйлі болды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Соның ішінде, 25 отбасы Б.Өтемұратов қорының қолдауымен екінші нарықтағы үйді алуға ынта білдіріп, осыдан 2 ай бұрын баспаналы болса, қалған 26 тұрғын жаңа үй салуды таңдаған еді. Тұрғын үй құрылысына  BI Group  751,4 млн. теңге бөлді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149936-su-tasqyny-aiteke-bi-audanynda-zardap-shekkenderding-barlygy-uili-boldy/