Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаев қаласында газ беру уақытша тоқтатылады

Жарияланған күні:

жанып тұрған газ
Жанып тұрған газ. Көрнекі фото : pixabay.com

Қонаев қаласында 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады, деп хабарлайды "Қапшағай аумағының газ желілері" ЖШС өкілдері.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, газ беруді уақытша тоқтату Абай көшесінің жолын жөндеу жұмысымен, сондай-ақ үлкен қысымды газ желісін жаңғыртумен байланысты.

"Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіге ажыратпай қосуға мүмкіндік жоқ.

Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, Рауан, № 18,19,20 ш/а-да және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін", - дейді ЖШС өкілдері.

Мамандар көгілдір отынды барынша ертерек қосуға тырысатындарын айта кетті.

"Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - дейді мекеме өкілдері.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысында ғасырға жуық тарихы бар ауылға газ тартылып жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2149995-tusinistikpen-qaraularyngyzdy-suraimyz-qonaevta-gaz-beru-uaqytsha-toqtatylady/