Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері бірнеше күнге жөндеуге жабылады

Жарияланған күні:

Жол жөндеу белгісі
Жол жөндеу белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлов даңғылындағы көлік қиылысының учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

17 тамыз сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150032-almatyda-rysqulov-danggylynda-zhol-qozgalysy-birneshe-kunge-zhabylady/