Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті жолдар үшін Ақтау қаласы әкімдігінің басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды

Жарияланған күні:

жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтау қаласының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жасады, деп хабарлайды облыстық қадағалау ведомствосына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Талдау көрсеткендей, әкімдік мектептер мен балабақшалардың маңызды тасжолдарында орналасқан жол белгілері мен жаяу жүргінші өтпеліне қатысты полиция басқармасының нұсқамаларын орындалмағандығын көрсетті.

"Прокуратураның араласуынан кейін қосымша 150 жаңа жол белгілері орнатылып, 280-нен астам жол белгілері жаңартылды, 17 көлденең  жол таңбалары сызылды, оның ішінде білім беру мекемелеріне іргелес жолдарында. Бұл шаралар жолдағы қауіпсіздікті едәуір арттыруға және балалар арасындағы жарақат алуды болдырмауға әкеледі", - деп хабарлады прокуратурадан.

Прокурорлық қадағалау актісімен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әкімшілік жауаптылыққа  тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150055-qauipti-zholdar-ushin-aqtau-qalasy-akimdigining-basqarma-basshysy-zhauapkershilikke-tartyldy/