Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады
Жарияланған күні:
2024 жылғы 8-12 шілде аралығында JCI (Joint Commission International) медициналық ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі Халықаралық біріккен комиссия Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қызметіне бағалау жүргізді. Институт JCI қайта аккредиттеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Институт алғаш рет 2021 жылы осындай аудиттен өткен, алайда көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтау үшін JCI аккредиттеуі заманауи халықаралық стандарттарға тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үш жыл сайын өткізіледі.
JCI халықаралық аккредиттеу – медициналық көмектің жоғары сапасының стандарты, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті тану.
Аудиторлар атап өткендей, олар институтта болып жатқан барлық жағдайға пациенттің көзқарасымен қарады. Халықаралық комиссия мүшелері ұжымда мақтануға тұрарлық нәрсе көп екенін атап өтті, өйткені институтта жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Олар пациенттерге сапалы көмек көрсету, мультидисциплинарлық тәсілді қолдану, сондай-ақ өзара байланысты процестер бойынша команданың үйлесімді жұмысын атап өтті.
Аудиторлар тобы институтта қолданылатын тиімділік пен сапаның жекелеген индикаторларын – мысалы, қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерді емдеу тәжірибесі, кардиореабилитация кезеңдері арасындағы сабақтастық критерийлері, ішектің эндоскопияға дайындық сапасының көрсеткіштері және т.б. JCI халықаралық кітапханасына беруге шешім қабылдады. Мұндай озық тәжірибелер бүкіл әлем бойынша медициналық ұйымдар арасында таралып, тәжірибе алмасуға және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Клиниканың жұмысы 1110-нан астам көрсеткіш бойынша бағаланып, олардың тек 10-ы бойынша тексеру барысында жойылған елеусіз ескертулер болды. С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректорының айтуынша, реаккредиттеу – қайта аккредиттеуден өту әлдеқайда қиын. Марат Орынбасарұлы Пашимов бастаған ұжым өз пациенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетуге ұмтылатын JCI аккредиттелген клиникасының атағын растау бойынша үлкен жұмыс атқарды.
КІАҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов өз қызметкерлеріне алғыс білдіріп, әркімнің сапалы нәтижені қамтамасыз етуге қосқан үлесі баға жетпес екенін атап өтті.
"JCI стандарттары денсаулығы мен өмірін бізге сеніп тапсырған пациенттердің күтімі мен қауіпсіздігіне бағытталған. JCI аккредитациясы пациенттерге клиникаға сене алатынын көрсетеді. Біз JCI ұсынатын құралдарды пайдалана отырып, қызметтердің сапасын үнемі жақсартуға тырысамыз", - дейді Марат Орынбасарұлы.
JCI стандарттары бойынша барлық бөлімшелер мен процестер бағаланды, олар: пациенттерді емдеу және күту тәсілдері, олардың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуы, ғимараттың қауіпсіздігі, дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу, инфекциялық қауіпсіздік, кадрлармен қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару, білім беру және ғылыми процестер, медициналық және әкімшілік персоналдың пациенттерге жеке көзқарасы. Қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмекпен дұрыс жұмыс істеу, оларды таңбалауға және сақтауға, инциденттерді басқаруға, ауруханаішілік инфекциялардың, құлау салдарынан жарақат алу қаупін азайтуға ерекше назар аударылды.
Сапаны басқарудың жүйелі тәсілі ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Клиникада соңғы жылдары клиникалық көрсеткіштер жақсарды, пациенттердің медициналық көмектің сапасына қанағаттануы өсті, өлім-жітім төмендеді, дәрі-дәрмектерді тұтыну мен қолдану тиімдірек болды.
Осылайша, JCI халықаралық стандарттарын сақтау ұйымға жұмыс мәдениетін арттыруға, пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз орта құруға және медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150083-kardiologiia-zhane-ishki-aurular-gzi-halyqaralyq-standarttarga-saikestigin-tagy-da-rastady/