Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылымыз картада жоқ": Түркістан облысында тұрғындар 20 жылдан бері үйлерін заңдастыра алмай жүр (видео)

Жарияланған күні:

Береке ауылы
Береке ауылы. Видеодан скриншот: youtube.com/@tvotyrar

Сарыағаш ауданының тұрғындары 20 жылдан бері үйлерін заңдастыра алмай жүр. Себебі картада бұл аумақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болып тіркеуде тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның сайтында жазылғандай, Сарыағаш ауданының тұрғындары 20 жылдан бері үйлерін заңдастыра алмай келеді. Солардың бірі — Гүлжан Ерімбетова. Көпбалалы ана Береке ауылына 10 жылдан астам уақыт бұрын көшіп келген. Сол кезден бері өз үйіне тіркеле алмай келеді. Себебі, үйі салынған жер ауыл аумағына кірмеген. Енді 5 баланың анасы туыстарының үйіне тіркеліп, қиналып жүр.

"Тіркеуіміз жоқ. Қайда барсаң да, балаларды тіркей алмаймыз. Туыстардың үйіне тіркелгенбіз. Мектепке де қиналамыз. Медпунктке апаратын болсақ, ол жерде де қиыншылық", - Береке ауылының тұрғыны Гүлжан Ерімбетова.

"Бұл Береке ауылында 600-дей үй бар, бірақ соның 250-дейі тіркелген. Қалғандары тіркелмеген. Мектебімізде бала саны көбейіп кетіп жатыр. Ал тексеріп қарағанда халықтың саны аз көрінеді. Тіркеуде жоқ. Тіркелмеген. Себебі елді мекенде жоқ ауылымыз", - дейді тағы бір ауыл тұрғыны Анарбай Еркеқұлов.

Жерді заңдастыру жұмыстарының жүріп жатқанына 10 жылға жуықтаған. Күтуден шаршаған халық жауаптылардан мәселені биылдан қалдырмай шешіп беруді талап етіп отыр. Ал әкімдіктегілер көрші елден қоныстанған азаматтардың жерді заңсыз алғанын алға тартады. Сондықтан жердің мақсатын өзгерту жұмыстары созылып кеткен көрінеді.

"Қазір біз елді мекеннің шегін кеңейту бойынша мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімін қабылдадық. Ол құжаттардың барлығы Жер кадастр департаментінде жатыр. Астанаға жіберілді. Сол жақтан картасының барлығы бекітіліп келетін болса, одан кейін құжаттандыру мәселесімен айналысамыз", - дейді Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев.

Дегенмен Берекедегі барлық үй бірдей заңдастырылмайды дейді жауаптылар. Тек 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін үй салып, тұрып жатқандардың ғана баспанасы тіркеледі. Ал одан кейін салған азаматтар құжатсыз қалуы мүмкін. Енді ауыл тұрғындары әкімдік оң шешім қабылдайды деп үміттеніп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150115-auylymyz-kartada-zhoq-20-zhyldan-beri-uilerin-zangdastyra-almai-zhur-video/