Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жексенбі, 18 тамызда Астана мен Алматыда жаңбыр жауады, Шымкент тұрғындарын бұлтты ауа райы күтеді. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

Алматыда бүгін қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендейді.

Желдің жылдамдығы 6,1 м/с болады. Астана тұрғындарына жаңбыр жауады деп болжануда. Күндіз ауа 23 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,9 м/с.

Шымкентте күн бұлтты болады. Күндіз термометр 29 градусқа дейін көтерілсе, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 6,8 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150178-qazaqstannyng-eki-megapolisinde-zhangbyrly-kun-kutilude/