Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 13 млрд теңге": Түркістанда су жинайтын канал мемлекетке қайтарылды

Жарияланған күні:

Су жинайтын канал
Су жинайтын канал. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында құны 13 млрд теңге болатын су жинау каналы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласы  апелляциялық сот алқасының  25.07.2024 жылғы қаулысымен Түркістан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру туралы шартты жарамсыз деп тану туралы шағымы қанағаттандырылды.

"Қазсушар" Түркістан филиалы  2023 жылғы құжатқа сәйкес, құны 13 млрд теңге болатын "Тәуелсіздікке 20 жыл" атындағы су жинау каналын "СК Парасат" ЖШС-ге өтеусіз берген.

"Прокурорлардың араласуына  аталған каналдан ағын су алатын Жетісай және Мақтаарал аудандары  кәсіпкер-шаруа қожалықтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы негіз болды", - делінген облыстық прокуратураның ресми сайтында.

Сонымен қатар жаңа меншік иесі осы каналды дұрыс пайдаланбай,  каналды тазарту жұмыстарын жүргізбеу салдарынан, бөгетті нығайтатын құм шығарылып, оның беріктігіне нұқсан келген.

Осыған байланысты, прокуратураның қадағалау актісі  негізінде  мүлік тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және дұрыс пайдалану үшін мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150572-quny-13-mlrd-tengge-turkistanda-su-zhinaityn-kanal-memleketke-qaitaryldy/