Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО ҚАЖД бастығына сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Әділет Мұстафинов
Әділет Мұстафинов. Фото: gov.kz

Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ол делдал арқылы СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу қызметтерінде мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 1 млн теңге мөлшерінде пара алу бойынша кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен Мұстафинов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 30 млн теңге мөлшерінде, ал пара беруші мен делдалға тиісінше 20 млн және 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Бұдан басқа, енгізілген ұсынымның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен тиісті ведомстволық бақылаудың және профилактикалық жұмыстың жүргізілмегені үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Атап айтқанда, Комитет төрағасы, әділет полковнигі Жәнібековке сөгіс, оның орынбасары әділет генерал-майоры Аюбаевқа, өздік қауіпсіздік, кадрлық жұмыс және тылдық қамтамасыз ету басқармаларының бастықтарына қатаң сөгіс жарияланды", - делінген ведомство хабарламасында.

Осы бұйрықпен Мұстафинов теріс себептермен ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2150592-sqo-qazhd-bastygyna-sot-ukimi-shyqty/